"111" cаll-орталығына 58 мыңнан астам адам хабарласты

2080

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) "111" cаll-орталығын ашқан болатын.

 "111" cаll-орталығына 58 мыңнан астам адам хабарласты

2019 жылғы 5 қыркүйектен бастап тәулік бойғы режимде борыш жүктемесін азайту мәселелері бойынша жұмыс істеген орталыққа 58,5 мыңнан астам консультация берілді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

"111" cаll-орталығына қоңыраулар еліміздің барлық өңірлерінен келіп түсуде. Күніне орта есеппен 10 мыңға жуық қоңыраулар қабылданады, олардың 5 мыңға жуығы борыш жүктемесін азайтуға арналған. "111" желісіне жүктеменің көбеюіне байланысты, осы акцияның әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, call-орталық басшылығы қосымша ресурстарды тарта бастады. Соңғы күндері желіде 50-ден 60-қа дейін оператор жұмыс істеуде", – деді "111" cаll-орталығының жетекшісі Аяш Макенова.

Call-орталығы қызметкерлерінің айтуынша, азаматтар борыш жүктемесін азайту бойынша бағдарламаға қатысушылардың тізімінде олардың болмауына, кредиттің жалпы сомасынан есептен шығару сомасын нақтылауға қатысты сұрақтар жиі қойылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу