116,8 млрд теңге кредит беріледі

711

Бұл туралы үкімет отырысында айтылды. 

116,8 млрд теңге кредит беріледі

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға мемлекет 116,8 млрд теңге кредит беруді жоспарлап отырғанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Министрдің мәлімдеуінше, бүгінге дейін агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдау шарасын жүргізу үшін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ республикалық бюджеттен көктемгі дала және егін жинау жұмысына 70 млрд теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлді.

"Кең дала" бағдарламасы бойынша 1 326 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге 48,6 млрд теңге берілді. Қазір 562 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 10,6 млрд теңге көлеміндегі қаражатпен қаржыландырылып жатыр. 

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ кредит көлемі 6 млн теңгеден аспайтын көктемгі дала жұмысына қарыз беретінін атап өту қажет. Бүгінгі таңда 60-тан астам ұсақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге 370 млн теңгеден астам қаражат берілді", – деді Сапархан Омаров.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу