12,5 мың әуерейсі кейінге шегерілді

882

12,5 мың әуерейсі кейінге шегерілді

"Ирма" Атлантика тарихындағы ең сұрапыл дауыл болып тіркеліп отыр. Жойқын дауыл 4 континенттегі 12,5 мың әуерейсін, оның ішінде Флорида штатынан ұшатын 9 мың рейсті де кейінге шегеруге  мәжбүр етті. Дауыл қаупі сейілгенше ұшақтар ұшпайтын болады, деп хабарлайды Интерфакс.

Сарапшылар дауыл Атлантадағы Delta әуекомпаниясының базасына да жетуі мүмкін деп қауіптенуде.
Қазіргі уақытта Майами қаласының біраз ауданын су басып қалған, кейбір жерде судың биіктігі жарты метрден асады. Дауылдың салдарынан штаттың 3 млн-нан астам тұрғыны жарықсыз қалды. 6,5 миллионға жуық тұрғынға эвакуация туралы ескерту жасалды. Табиғат апаты штаттағы үшінші ірі шаһар Тампа мен Сент-Питерсберг шипажайлы қаласына да қауіп төндіріп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу