12 млрд теңгелік жобаны іске асыруға кедергілер жойылды

378

 Бұл туралы Абай облысының прокуратурасы мәлім етті.  

12 млрд теңгелік жобаны іске асыруға кедергілер жойылды

Абай облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, өңірде мыс кенін өндіру және өңдеу зауытын салып жатқан "Arx Minerals" ЖШС-нің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жалпы құны 12 млрд теңгеден асатын жоба аясында 120-дан астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.

Жобаны сүйемелдеу барысында Жер қатынастары бөлімі электр беру желісі тіректерінің координаттарын келісуден бас тартқаны анықталған. Бұған қолданыстағы электр желісі орналасқан жер учаскелерінің аукционға шығарылуы себеп болған.

Жаңасемей ауданы прокуратурасының араласуынан кейін жер учаскелері аукционнан алынып тасталып, инвестордың өтінімін қарау қайта жалғастырылды.

Қабылданған шаралар әкімшілік кедергілерді жойып, инвестициялық жобаның іске асырылуына мүмкіндік берді.

Прокуратура инвесторлар құқықтарының бұзылуы немесе әкімшілік кедергілер туындаған жағдайда 115 Call-орталығы немесе +7 707 144 00 16 нөмірі арқылы хабарласуға болатынын еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу