12 мың алматылық сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі

763

Мегаполисте инженерлік инфрақұрылымдардың құрылысы жалғасуда. 

12 мың алматылық сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданының жаңа ықшамаудандарында салынып жатқан сумен қамту және суды бұру желілерінің, жолдардың, көше жарығы құрылыстарының қарқынын тексерді.

"Қалаға қосылған кенттердің тұрғындары бірнеше жылдан бері коммуналдық-тұрмыстық жағдайдың жақсаруын күтті. Қала тұрғындарының өтініштерін ескеріп, өткен жылы шет аймақтарды дамытуға бағытталған "Жаңа Алматы" кешенді жоспарын әзірледік",  деді Алматы әкімі.

Кешенді жоспардағы міндеттердің қалай іске асып жатқанымен қала әкімі Түрксіб ауданына жасаған жұмыс сапары барысында танысты. Мұндағы бірден үш ықшамауда, атап айтсақ, Қайрат, Әлмерек пен Нұршашқанда жыл соңына дейін 150 шақырымнан астам сумен қамту және суды бұру желілерін салу жоспарланған. Бұған қоса сапалы ауыз сумен 12 мың тұрғын қамтамасыз етілмек. Желілер төселгеннен кейін жол жамылғысы да ретке келтіріледі.

Сондай-ақ, шаhар басшысы Әлмерек, Қайрат, Маяк, Жас Қанат, төменгі Пятилетка, Нұршашқан сияқты алты ықшамаудандағы 614 көшеге сыртқы жарық жүйелері орнатылатынын айтты.

"Аудандағы 12 көшедегі 9,3 шақырым жол орташа жөндеуден өткен. 2021 жылы Нұршашқан ықшамауданындағы 25 көшеде 5,1 шақырымға жететін жаңа жол салу жоспарлануда",  деді мегаполис басшысы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу