12 өңірде жалпы сомасы 9,66 млрд теңгеге тарифтер төмендетілді

660

Қазіргі уақытта бекітілген УӨТ жалпы сомасы (бұрын аталған сомаларды ескере отырып) – 9,66 млрд теңге.

12 өңірде жалпы сомасы 9,66 млрд теңгеге тарифтер төмендетілді

Тамыз айында табиғи монополиялар субъектілерінің 2020-2021 жылдарға тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны орындау туралы есептерін қарау нәтижесінде бірқатар өңірде 9,05 млрд теңгеге коммуналдық қызметтерге тарифтер төмендетілген, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетіне сілтеме жасап.

"Бүгінгі күні ТМС-ның 2021 жылғы есептеріне талдау жүргізу шеңберінде 12 өңірде, атап айтқанда Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Қызылорда облыстары бойынша мынадай салаларда: сумен жабдықтау – 162 млн тг, жылумен жабдықтау – 379 млн тг, су бұру – 22 млн тг, электр энергиясын беру – 37 млн тг, тауарлық газды тасымалдау – 9 млн тг жалпы сомасы 609 млн теңгеге тарифтер қосымша төмендетілді",  деп жазылған хабарламада.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу