125 мың ШОБ субъектісі 275 мың адамды жұмыспен қамтыды

766

Алматы облысында "Еңбек" және "Жетісу" өңірлік бағдарламасын қаржыландыру 21 млрд теңгеге артты. 

125 мың ШОБ субъектісі 275 мың адамды жұмыспен қамтыды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың есеп беру кездесуінде, облыстағы шағын және орта бизнес субъектілерінің жұмысына тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz

Деректерге сүйенсек өңірде мұндай 125 мың кәсіпкерлік субъектісі бар. Ал осы салада жұмыс істейтін адамдар саны 275 мың адамға жеткен. 

"Мысал ретінде айтсам, жылдың басында Талдықорған қаласында аз қамтылған және көпбалалы аналарды жұмысқа тарту мақсатында тігін цехы ашылды. "Жетісу" ӘКК арқылы цехқа орын тауып, күрделі жөндеуден өткізіп, лизингіге құрал-жабдықтар алып бердік. Қазір бұл шағын фабрикада 17 әйел жұмыс істеп жатыр, соның 12-сі "Еңбек" бағдарламасы бойынша оқыды", – деді Амандық Баталов.

Өңір басшысының айтуынша биылғы жылы "Бизнестің жол картасы", "Еңбек" және "Жетісу" өңірлік қаржыландыру бағдарламасы аясында қаржыландыру көлемі 21 млрд теңгеге дейін артқан. 

"Өңірде екі мыңға жуық субъектіге мемлекеттік қолдау көрсетіледі, 13 мың жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар бүгінгі күні аймақта 430 нысанның "Ashyq" қосымшасымен жұмыс істеуде. Бұл сервисті тәулігіне орта есеппен 3 мың адам қолданады. Жалпы осы қабылданып жатқан шаралар кәсіпкерлердің бұрынғы жұмыс ырғағына көшуіне мүмкіндік береді деп сенеміз",– деді Амандық Баталов.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу