Қазақстанда 13 мамырдан бастап түнгі уақытта балық аулауға тыйым салынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Енді тек күндізгі уақытта әуесқой және спорттық балық аулауға рұқсат етілмек.
Бұл шектеу ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 3 наурызда бекіткен "Балық ресурстары объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйымдар енгізу туралы" №78 бұйрығына сәйкес енгізілді. Ережені бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Бұған дейін полиция мен құтқарушылар түнгі уақытта, әсіресе қыста, адамдардың суға шығуын шектегенімен, балық қорғау қызметінің мұндай құзыреті болмаған. Енді түнгі балық аулау заңбұзушылық болып есептелінеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу