ҚР Көлік министрінің м.а. "Шу-Бұрылбайтал Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы" 2025 жылғы 22 сәуірдегі бұйрықты бекітті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құжатта Шу-Бұрылбайтал II санатты республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы Мерке-Шу-Бұрылбайтал автомобиль жолы ақылы негізде пайдаланылатындығы атап өтілді.
Ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті – 92+200 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – 268+000 км.
Ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 175 км 800 метр. Автомобиль жолымен жүріп өту жолағының ені, бір жолақ – кемінде 3,75 метр.
Учаскені ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл.
Бір бағыттағы жол жүру ақысы (АЕК – 2025 жылы 3932 теңге):
- 16 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі – тн) дейін жүк автомобильдері – 1 213 теңгеге дейінгі (кейінгі төлем) және 1 032 теңгеге дейінгі (алдын ала төлем).
- 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері – 2 446 теңгеге дейінгі (кейінгі төлем) және 2 083 теңгеге дейінгі (алдын ала төлем).
- 32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар – 3 659 теңгеге дейін (кейінгі төлем) және 3 115 теңге (алдын ала төлем).
- Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері – 4 892 теңге (кейінгі төлем) және 4 156 теңге (алдын ала төлем).
- Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар – 6 105 теңге (кейінгі төлем) және 5 188 теңге (алдын ала төлем).
Бұл ретте жеңіл автомобильдер аталған учаскеде тегін жүре алады.
Сонымен қатар, жүргізушілер үшін айлық және жылдық абонементтер қарастырылған. Ай сайынғы абонементтің құны көлік құралының түріне байланысты 1-ден 5 АЕК-ке дейін, ал жылдық абонементтің құны 12-ден 60 АЕК-ке дейін.
Сондай-ақ, құжатта басқа жолмен баламалы өтуі жоқ іргелес елді мекендердің тізбесі бар:
- Шу ауданы – Дружба және Киров ауылдары.
- Мойынқұм ауданы – Айдарлы, Бірлік, Биназар, Хантау, Қияқты, Мирный ауылдары.
Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.