13 млн теңге жымқырған есепші ұсталды

557

Есепші қаражатты екі жыл бойы біртіндеп жымқырған.

13 млн теңге жымқырған есепші ұсталды

Өскеменде шағын кәсіпорынның есепшісі өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 13 485 062 теңге жымқырған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Алтайньюске" сілтеме жасап.

Кәсіпорын өкілінің шағымынан кейін полиция қызметкерлері істің мән-жайын анықтады. Есепші аталған қаражатты екі жыл бойы біртіндеп жымқырған.

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, Ертіс полиция бөлімінің қызметкерлері 50 жастағы күдіктіні ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, күдіктінің мүлкі тәркіленеді, сондай-ақ 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу