13 шілде Ұлттық аза тұту күні деп жарияланды

716

Мемлекет басшысы осы індеттен қайтыс болған қазақстандықтардың отабасыларына көңіл айтты.  

13 шілде Ұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты үндеуінде айтты.

 

"Қабылданған шаралар мен медицина қызметкерлерінің ерлігінің арқасында емделіп шығып жатқан адамдар саны едәуір көбейді. Көптеген елдердегі жағдай бізден де қиын. Дегенмен "әр қазақ менің жалғызым" дегендей әр адамның қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мына алапат індет арамыздан талай асылдарымызды әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтарымыздың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын", - деді Мемлекет басшысы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу