13 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында желдің екпіні 15–20 м/с-ке дейін күшейеді.
Сонымен қатар Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Жетісу және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ бірқатар өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу