Имран Кусанов республикалық Ауыл олимпиадасында жасының кішілігіне қарамастан, 9-сынып оқушыларымен бірге сынға түсіп, нәтижесінде информатикадан 1-орын иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның зеректігі мен есептерді шешудегі алғырлығы, ойлау қабілетінің жүйріктігі қазылар алқасын да таңғалдырды. Имранның жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Соян Ертайдың 18 жылдық тәжірибесі бар.
– Мен ұстазыммен күнделікті дайындаламын. Олимпиадада алгоритмдік есептер, деректермен жұмыс және бағдарламалық шешімдер әзірлеу сынды күрделі тапсырмалар беріледі. Әр кезең мен үшін қызықты болды, тапсырмалар күрделенген сайын өзімді дамытуға ұмтылдым, – дейді жас дарын Имран Кусанов.
Айта кетерлігі, Имран осы олимпиадаға 5-сыныптан бері үзбей қатысып, жоғары сыныптардың есептерін шешіп келеді. Бұған дейін де ол жеңіс тұғырынан көрініп, 2-3-орынды иеленген.