130 елордалық отбасы пәтер кілтіне ие болды

692

130 елордалық отбасы пәтер кілтіне ие болды

Бүгін Астана әкімі 130 отбасыға пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды elorda.info.

Жаңа баспанаға ие болғандар – халықтың әлеуметтік аз қамтылған санатына жататын азаматтар мен бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары. Жаңа тұрғын үй кешені "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде салынып, пайдалануға берілді. Бүгін барлығы 130 елордалық отбасы пәтер кілтіне ие болды.

Қоныс тойын тойлаған отбасыларды Астана әкімі Әсет Исекешев құттықтап, баспана кілтін табыстады.

Айта кетейік, осы жылы жалпы ауданы 60,58 шаршы метрді құрайтын 1 мыңнан астам пәтері бар 6 тұрғын үй кешенін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның  386 пәтері "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы, ал жалпы ауданы 38 мың шаршы метрден тұратын 677 пәтерді тұрғын үй кезегіне тұрған азаматтарға жалға беру бағыты бойынша тапсырылады. 
Бүгінгі күні демографиялық процеспен көші-қон ағымын есепке алғанда тұрғын үйге мұқтаж қазақстандықтардың қатары артуда.

Астана қаласында тұрғын үй кезегінде 48 722  адам тұр және жыл сайын оның қатары көбейіп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу