"14 ақпанда алданып қалмаңыз": Полиция қазақстандықтарды алаяқтардан сақтануға шақырды

188

Министрлік 14 ақпанда сыйлық жасайтындарға ескерту жасады.  

"14 ақпанда алданып қалмаңыз": Полиция қазақстандықтарды алаяқтардан сақтануға шақырды Фото: polisia.kz

Мереке қарсаңында жеңілдіктер мен жаппай сатылымдар туралы ақпарат жаппай көбейеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осы сәттегі  қарбаласты интернет-алаяқтар да өз пайдасына жаратып, жалған сайттар ашып, әлеуметтік желілер арқылы тұтынушыларды алдауға тырысады.

"Романтикалық тосынсый қаржылық шығынға немесе көңіл күйдің бұзылуына айналмас үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды", – деп ескертеді ҚР ІІМ.

ІІМ мына ережелерді қатаң ұстануға кеңес береді:

  • тауарды тек сенімді, тексерілген сайттар мен ресми маркетплейстер арқылы сатып алыңыз;
  • әлеуметтік желілердегі немесе мессенджерлердегі күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
  • шектен тыс төмен баға ұсынылса, абай болыңыз – бұл алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін;
  • сатушыдан тауардың нақты бар екенін растауды сұраңыз;
  • бейнеқоңырау арқылы тауарды, сондай-ақ дүкеннің нақты мекенжайын көрсетуді өтініңіз. Алаяқтар көбіне мұндай талаптан жалтарып, оның орнына геолокация немесе өңделген фото жібереді;
  • төлем жасау кезінде сақ болыңыз: ақшаны жеке шоттарға немесе күмәнді төлем жүйелеріне аудармаңыз;
  • жеке деректеріңізді қорғаңыз. Бөгде адамдарға ешқашан парольдерді, SMS-кодтарды, CVV-кодты және банк картасының толық мәліметін бермеңіз.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу