14 ақпанда кей өңірлерде жол қозғалысына шектеу енгізілді

97

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

14 ақпанда кей өңірлерде жол қозғалысына шектеу енгізілді Фото: canva

2026 жылғы 14 ақпан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар келесі автомобиль жолдары учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді:

Жетісу облысы

"Үшарал – Достық" автожолының 84–164-шақырымы (Көктұма ауылы – Достық станциясы).

Павлодар облысы

"Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" автожолындағы "Қалқаман" жолайрығы учаскесі (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол).

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысындағы Осинов асуында тіркемелі және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Шектеу "Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары" автожолының 46–66-шақырым аралығында (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) қыс мезгілі аяқталғанша сақталады.

Ауа райының жақсаруына байланысты келесі автожолдарда барлық көлік түрі үшін рұқсат етілген жылдамдық 60 шақ/сағаттан 110 шақ/сағатқа дейін өзгертілді:

Ақмола облысы

"KAZ 01 Астана – Қарағанды – Алматы" автожолы, 30–92-шақырым (Жібек Жолы кенті – Анар станциясы).

Қарағанды облысы

"KAZ 01 Астана – Қарағанды – Алматы" автожолы, 92–164-шақырым (Анар станциясы – Теміртау ақылы жол бекеті).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу