14 наурызда Қазақстанға Тәжікстан президенті келеді

807

14 наурызда Қазақстанға Тәжікстан президенті келеді

Осы жылдың 14 наурызында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға келеді. Бұл туралы парламенттегі пленарлық отырыста сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан мен Тәжікстанның қарым-қатынасы тәуелсіздік алғалы бері достық пен стратегиялық серіктестік рухында дамуда. Ширек ғасырда біздің елдеріміздің дипломатиялық қатынасында өзара сенім мен ықпалдастыққа негізделген елеулі жетістіктерге қол жеткізілді. Біздің мемлекеттеріміздің халықаралық күн тәртібіндегі маңызды мәселелерде ұстанымдары жақын немесе бірдей. Екіжақты қарым-қатынасты белсендіруде нақты қадам Тәжікстан президенті Рахмоновтың  2018 жылдың 14 наурызында Қазақстанға жоспарланған ресми сапары болып отыр", - деді ол.    

Эмомали Рахмонның Қазақстанға сапары барысында тараптар бірқатар мемлекетаралық келісімдерге қол жеткізеді деген жоспар бар.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу