14 наурыздағы саудада доллар қайта арзандады

594

Бүгінгі доллар бағамы - 449,16 теңге. 

14 наурыздағы саудада доллар қайта арзандады Фото: inbusiness.kz

Қор нарығында доллар бағамы құбылып тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,65 теңгеге төмендеп, 449,16 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 14 наурыздағы ресми бағамы долларға 449,89 теңгені құрайды.

kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 449,23 теңгені, ал сату 450,92 теңгені құрап отыр. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 448,01 теңгеден сатып алынып, 452,02 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу