144 млн теңгеден астам ақша ұрлаған мектеп бухгалтерлеріне сот үкімі шықты

164

Өскеменнің Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясының қызметкерлеріне қатысты сот үкім оқыды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

144 млн теңгеден астам ақша ұрлаған мектеп бухгалтерлеріне сот үкімі шықты Фото: Sputnik

Өскемен қаласындағы № 2 соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, есепшілер 7 жыл бойы бюджет қаражатын заңсыз жымқырған.

"2017-2024 жылдар аралығында бас есепші мен оның әріптесі сөз байласып әрекет еткен. Олар өздерінің қызметтік бабын пайдаланып, шоттарына жүйелі түрде ақша аударып, мемлекетке зиян келтірген", – деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Сот анықтағандай, жалпы шығын 144 622 868 теңгені құраған. Ақша білім беру жүйесіне тиесілі және мектеп қажетіне жұмсалуы тиіс еді.

Сот отырысында 2 әйел де өз кінәсін мойындап, өкінетіндерін жеткізген. Бұл үкім шығару кезінде ескерілді.

"Сот оларды 7 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, 2 сотталушы да келтірілген зиянды толық өтеуі қажет", – деп түсіндірді соттың баспасөз қызметі.

Екі әйелдің материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқаруына өмір бойына тыйым салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу