15 ауыл тұңғыш рет орталық сумен қамтылмақ

Қостанай облысында 2 жыл ішінде 55 мың үй суға қосылған. 

15 ауыл тұңғыш рет орталық сумен қамтылмақ Фото: buinsk.tatarstan.ru

Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Көшпелі брифингте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы сөз еткен әкім "Үйге су" жобасының артықшылығына тоқталып өтті. Әкімнің сөзінше, аталған жұмыстар аясында облыста 2 жыл ішінде 55 мың үй суға қосылған.

– Биыл сумен қамту және жабдықтау бағытында жалпы құны 20 млрд теңгеге 77 жоба қолға алынды. Соның нәтижесінде, 15 ауыл алғаш рет орталық сумен жабдықтауға қосылады, 41 ауылда кешенді блок-модульдер мен су тарату бекеттері орнатылады, сонымен қатар 4 ауыл мен 4 қалада сумен қамту деңгейі жақсарады.

Ауыл тұрғындарын сумен қамту көрсеткіштері жыл қорытындысы бойынша 90%-ға өседі. Облыс бойынша су желілердің тозуы 46,1%-дан 34,9%-ға төмендейді, – деді ол. 

Бұған дейін Қостанай облысында 2 "Жайлы мектептің" пайдалануға берілгенін хабарлаған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу