15 қарашада Алматыда бірнеше көше жабылады

758

City Run жүгіру жарысының өтуіне байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

15 қарашада Алматыда бірнеше көше жабылады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алдағы жексенбіде Алматыда биылғы жүгіру маусымын қорытындылайтын City Run жарысы өтеді. Биыл жарысқа әлемнің 20-дан астам елінен 2500 жүгіруші қатысады деп жоспарланған. Осыған байланысты кейбір жолдар таңғы сағат 04:00-ден бастап жабылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарыс "Астана" алаңынан басталып, осы жерде аяқталады. Осыған байланысты 15 қараша күні сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі бөлігінде екі бағыттағы көлік қозғалысы толық тоқтатылады.

Жарыс өтетін күні төмендегі жол учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі:

  • 08:00–10:00 – Төле би көшесі, Абылай хан даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейін;
  • 08:00–10:00 – Наурызбай батыр көшесі, Төле би көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін;
  • 08:00–09:35 – Бөгенбай батыр көшесі, Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін;
  • 08:00–09:15 – Қабанбай батыр көшесі, Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін;
  • 08:00–08:55 – Шевченко көшесі, Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін;
  • 08:00–08:35 – Құрманғазы көшесі, Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, спортшылар өтіп кеткен жол учаскелері біртіндеп көлік қозғалысына қайта ашылады. Жалпы, жарыс маршруты бойындағы шектеулер негізінен сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін жалғасады.

Ал "Астана" алаңы маңындағы Төле би көшесінің бір бөлігі түске дейін жабық болады. Осыған байланысты жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеру ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу