15 қарашада салық есептілігі нысандарын ұсыну мерзімі аяқталады

Есептілікті ұсынбаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

15 қарашада салық есептілігі нысандарын ұсыну мерзімі аяқталады Фото: inbusiness.kz

15 қарашада салық есептілігін тапсыру мерзімі аяқталады, есептілікті ұсынбаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, бірінші рет "ескерту" болады, деп хабарлайды Алматы қаласы бойынша МКД баспасөз қызметі.

Есептілікті тапсыру "салық төлеушінің кабинеті" веб-қосымшасы арқылы (cabinet.salyk.kz), қағаз тасығышта, esalyq Business мобильді қосымшасы немесе екінші деңгейдегі банктердің қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

Салық төлеушілерде тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қоспағанда, электрондық форматта салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзартуға мүмкіндіктері бар.

Бұдан басқа, арнаулы салық режимдерін қолданатын жеке кәсіпкерден басқа, тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі жоғары салық төлеушіге қатысты салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылмайды.

Ұсынылатын нысандар:

101.03 "Резиденттің табысына төлем көзінен ұсталған КТС бойынша есеп";
101.04 "Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталған КТС бойынша есеп";

200.00 "ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация";

300.00 "ҚҚС бойынша декларация", оның ішінде тіркеуден шығарылған болса;

400.00, 421.00 нысаны акциздер бойынша декларация және есеп айырысу;

500.00 "Роялти бойынша декларация";

531.01 "Жер қойнауын пайдаланушылар бойынша декларация";
560.00 "Тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлем бойынша декларация", егер төлем 10 000 АЕК-тен асатын болса;

570.00 "Экспортқа рента салығы бойынша декларация";

590.00 "Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша декларация";

701.01 жер салығы және мүлік салығы бойынша есеп;

710.00 "Ойын бизнесіне салынатын салық бойынша декларация";

860.00 "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация";
870.00 "Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация", егер төлемдер 100 АЕК-тен асатын болса;

880.00 "Цифрлық майнинг үшін төлемақы бойынша декларация".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу