Астанада 15 мамырда Әуе қорғанысы күштерінің жоспарлы іс-шаралары аясында қала үстінде жойғыш ұшақтардың демонстрациялық ұшуы өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Іс-шараға дайындыққа байланысты 10 мамырдан бастап елорда әуе кеңістігінде әскери авиацияның жаттығу ұшулары басталды.
Жойғыш ұшақтардың ұшуы мен жаттығу іс-шаралары қауіпсіз биіктікте жүзеге асырылады. Қала тұрғындарының күнделікті тыныс-тіршілігіне кедергі келтірмейді.
"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жаттығулар мен демонстрациялық ұшу кезеңінде туындауы мүмкін қысқа мерзімді шу деңгейінің артуына түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген министрліктің хабарламасында.
Сонымен қатар барлық ұшулар қауіпсіздік талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.