15 мамырға дейін салық есептілігін тапсыру керек

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады. 

15 мамырға дейін салық есептілігін тапсыру керек Фото: Inbusiness.kz

Алматы қаласы бойынша МКД салық есептілігінің төменде көрсетілген нысандары бойынша ұсыну мерзімі 2023 жылғы 15 мамырда аяқталатынын еске салады:

200.00 нысан-2023 жылдың 1 тоқсанына ЖТС және әлеуметтік салық бойынша Декларация;

300.00 нысан- ҚҚС бойынша Декларация:

  •  2023 жылғы 1 тоқсан үшін;
  •  2023 жылғы сәуірде салық органының шешімі бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде тарату;

400.00, 421.00 нысан - 2023 жылғы наурыздағы акциздер бойынша Декларация және салық салуға байланысты құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер үшін есеп айырысу;

101.03 нысан -2023 жылдың 1 тоқсанына резиденттің табысына салынатын төлем көзінен ұсталатын КТС бойынша есебі;

101.04 нысан -2023 жылдың 1 тоқсанына резидент еместің табысынан салынатын төлем көзінен ұсталатын КТС бойынша есебі;

701.01 нысан -2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша салық міндеттемелері туындаған немесе өзгерген объектілер бойынша 2023 жылға арналған жер салығы және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу;

870.00 нысан -2023 жылғы 1 тоқсандағы қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларация (төлем көлемі жылдық жиынтық көлемде 100 АЕК және одан көп төлеушілер үшін ластану объектілері бойынша, ластанудың жылжымалы көздері бойынша);

880.00 нысан -2023 жылғы 1 тоқсандағы цифрлық майнинг үшін төлемақы бойынша Декларация.

"Салық міндеттемесін орындауды салық төлеуші дербес жүзеге асырады, осыған байланысты салық есептілігін алдын ала ұсынуды немесе есептілікті ұсыну мерзімдерін ұзарту үшін стандартты жүйелерді алдын ала пайдалануды ұсынамыз", – деп хабарлады МКД.

Арнайы салық режимдерін қолданатын жеке кәсіпкерден басқа, тәуекелдердің жоғары деңгейі бар салық төлеушілерге салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылмайтынын атап өту қажет.

Салықтар туралы толығырақ 1414/3 нөмірі бойынша және @mkdalmaty_dgdalmaty әлеуметтік желілерінен біле аласыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу