14,9 млн теңгенің тауарын ұрлаған: Астанада тауарларды беру пунктінің қызметкері сотталды

633

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.

14,9 млн теңгенің тауарын ұрлаған: Астанада тауарларды беру пунктінің қызметкері сотталды Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Астанада тауарларды беру пунктінің 19 жастағы қызметкері маркетплейс жүйесін пайдалана отырып, 14,9 миллион теңгеден астам сомаға қымбат бұйымдар мен заттарды ұрлағаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеу мәліметінше, жас қызметкер маркетплейс қосымшасы арқылы әртүрлі тауарларға, атап айтқанда алтын бұйымдарға, киім-кешекке және азық-түлік өнімдеріне әдейі тапсырыс беріп отырған.

Ол тауарларды беру пунктіне келген кезде заттарды жасырын түрде иемденген. Ал, оның орнына басқа заттарды қайтару немесе қоймаға өзге заттарды өткізу арқылы ауыстырып отырған.

Мысалы, құны 182 мың теңге болатын алтын сырғаларға тапсырыс беріп, оларды қарапайым әшекей бұйымдарға алмастырған да, сатушыға қайтарған. Осы схема арқылы барлығы 14,9 миллион теңгеден астам сомаға 195 бірлік түрлі тауар ұрланған.

Сот үкімімен оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, сондай-ақ жәбірленушінің келтірілген залалды өтеу туралы азаматтық талабы толық қанағаттандырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу