15 млрд теңгенің меморандумына қол қойды

708

15 млрд теңгенің меморандумына қол қойды

Жамбыл облысы мен Өзбекстан Республикасының Джизак облысы жалпы сомасы 15 млрд теңге болатын бірқатар меморандумдарға қол қойды, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігі.

Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаев  өңірдің құрылыс индустриясына, агроөндірістік кешен мен көлік логистикасы және туризмді дамыту салаларына кеңінен тоқталды. 

"Біздің аймақ барлық әлеуетті инвесторлар үшін Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің және сауда серіктестері Үндістан, Қытай мен Иран мелекеттерінің нарығына шығаратын жол болмақ", - деді облыс әкімі.

Айта кетерлік жайт, өткен жылы Өзбекстан Республикасы мен Жамбыл облысы арасындағы тауар айналымы 34 млн доллардан асып жығылды. Оның ішінде экспорт 13,6 млн, ал  импорт – 20,5 млн долларды құрады.

Өзбек делегациясының өкілдері аймақтың инвестициялық әлеуетін жоғары бағалап, оған қызығушылық танытты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу