15 жылда әлемдегі аштық деңгейі ең жоғары көрсеткішке жетті

1769

Азық-түлік бағасының шарықтауынан әсіресе импортқа тәуелді кедей елдер зардап шекті.

15 жылда әлемдегі аштық деңгейі ең жоғары көрсеткішке жетті

БҰҰ 2020 жылы әлемдегі аштықтың соңғы 15 жылдағы рекордтық деңгейге жеткенін тіркеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz ұйымның мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Бұған коронавирус пандемиясы мен оның салдарынан халықтың табысының азайып, азық-түлік қол жетімділігінің нашарлауы себеп болып отыр.  

Сонымен қатар климаттық өзгерістер, саяси қақтығыстар және экономикалық құлдырау да жағдайды ушықтыруда. Пандемия кезінде бұл факторлардың әсері күшейе түскен.Азық-түлік бағасының шарықтауынан әсіресе импортқа тәуелді кедей елдер зардап шекті.

2020 жылы шамамен 800 миллион адам, яғни әлем халқының оннан бір бөлігі аштыққа тап болған. Азияның жағдайы тіптен мүшкіл. Өткен жылы бұл аймақта азық-түлікке зәру адамдардың саны 320 миллионға артқан.

Бұған дейін Oxfam сарапшылары 2020 жылы аштықтан қайтыс болған адамдардың саны алты есе өсті деп жариялаған еді. Өлім-жітім көрсеткіші бойынша бұл COVID-19 індетінен де асып түсті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу