Министр: 150 мың бейнебақылау камерасы орнатылады

811

"Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасы аясында қалаларда 150 мың бейнебақылау камерасы орнатылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Министр: 150 мың бейнебақылау камерасы орнатылады

"Қалаларда 150 мың бейнебақылау камерасын орнатылады деп жоспарланып отыр. Біз бұл құрал заңбұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан 150 мың бейнебақылау камерасын орнатқалы отырмыз. Менің ойымша, бұл қалалардағы қауіпсіздікті күшейтеді", – деді Бағдат Мусин ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, "Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасы 2025 жылға дейін жүзеге асырылады. Оған 2,2 трлн теңге бөлінеді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу