157 құқық бұзушылық бойынша әкімшілік айыппұл сомасы қысқартылып, жазаның 30 түрі жеңілдетілді

1212

157 құқық бұзушылық бойынша әкімшілік айыппұл сомасы қысқартылып, жазаның 30 түрі жеңілдетілді

Әділет министрі Марат Бекетаев әділет органдарының 2017 жылғы қызметін қорытындылап, 2018 жылға қойылған міндеттер туралы айтты, деп жазды ortcom.kz.

"2017 жылы конституциялық реформа аясында маңызды жұмыстар атқарылды. Реформа шеңберінде үкіметтің парламент алдында есеп беру және бақылау тетіктері нығайтылды. Өткен жылы құқық қорғау жүйесіне, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласына жаңғырту жүргізілді. Құқық қорғау жүйесін жаңғырту қылмыстық процесті гуманизациялауға бағытталған. Мысалы тергеушінің шешіміне қарамастан адвокаттың тергеу судьясына шағымдану құқығы кеңейтілді. Сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық саласын гуманизациялауға бағытталған заң қабылданды. 157 құқық бұзушылық бойынша әкімшілік айыппұл сомасы қысқартылды, жазаның 30 түрі жұмсартылды, қысқартылған өндіріс институты кеңейтілді. Бұл жеті күн ішінде айыппұлдың жартысын төлеу мүмкіндігі құқық бұзушылықтардың көп құрамына қолдануға мүмкіндік берді. Сондай-ақ заңды тұлғаларға қысқартылған өндірісті қолдануға мүмкіндік ашты. Әділет министрлігі өткен жылы мүліктік құқықтарды қорғауды күшейту мақсатында барлық заңнамаға ревизия жүргізді", – деді Марат Бекетаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу