Жанармайды "шелектеп" емес, тонналап тасудың амалын тапқандар анықталды

1131

Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидаты аясында қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізуде.

Жанармайды "шелектеп" емес, тонналап тасудың амалын тапқандар анықталды Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Қазір 48 автокөлік өткізу бекетінде полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік атқарып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

     Жанармайды қосымша әкетуге қарсы күрес

Жыл басынан бері республика бойынша қосымша жанармай бактарын заңсыз орнатудың 595 дерегі анықталды. Олардың жалпы көлемі 159,5 тоннаны құрады.

Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Жамбыл (386), Түркістан (119) және Қостанай (80) облыстарында тіркелді. Жүргізушілер ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынды.

Көліктерден заңсыз орнатылған бактар алынып тасталды.

   Қауіпсіз үй

5 қазан мен 5 қараша аралығында республика бойынша "Қауіпсіз үй" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Шара барысында полицейлер 576 мыңнан астам тұрғын үй мен өзге де нысандарды тексерді. Әсіресе жалға берілетін пәтерлерге, саяжай үйлеріне, тұрмысы қолайсыз отбасыларға және профилактикалық есепте тұрған азаматтарға ерекше назар аударылды.

Көші-қон заңнамасын бұзудың 42 мыңға жуық дерегі тіркелді. 9 мыңға жуық шетелдік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ полицияға тұрақты тұрғылықты жері жоқ 3,5 мыңнан астам адам жеткізілді.

Полицейлер халықпен белсенді жұмыс жүргізді. Тұрғындармен 12 мыңнан астам кездесу өткізіліп, профилактикалық мазмұндағы 398 мыңға жуық жадынама таратылды. Азаматтардан 4,5 мыңнан астам ұсыныс пен өтініш келіп түсті. Олардың барлығы бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Заңсыз қарулар тәркіленді

Сонымен қатар 100 мыңнан астам қару иесі тексерілді. 1,5 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, тіркелмеген 195 қару тәркіленді.

Жетісу облысында алкогольге әуестігі бар азаматқа полицейлер емделуге және өмір салтын өзгертуге көмектесті. Қазір ол жұмыс істеп жүр. Ал анасы учаскелік полиция инспекторына көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

Абай облысында ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамаған отбасылар анықталды. Балалары бейімдеу орталығына орналастырылып, ата-аналарына қатысты тиісті шаралар қабылданды.

  Таза Қазақстан

Вандализм мен заңсыз граффитилерге қарсы күрес те – ведомство үшін өзекті бағыттардың бірі. 1 қыркүйектен бастап 26 мыңнан астам заңсыз жазу өшірілді. 8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Вандализм және есірткі жарнамалайтын граффитилер үшін 7 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Профилактикалық жұмыстар да жүргізілуде. Азаматтармен 43 мыңнан астам кездесу ұйымдастырылып, 59 мыңнан астам ақпараттық брошюра таратылды.

Жыл басынан бері 47 мыңнан астам рейд жүргізіліп, 1724 стихиялық қоқыс орны анықталып, 351 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 1435 заңсыз қоқыс орны жойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу