16 500 медициналық қызметкерге төлемақы берілді

700

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева Орталық коммуникация қызметі алаңында өткен онлайн брифингте мәлім етті.  

16 500 медициналық қызметкерге төлемақы берілді

Оның айтуынша, төлемдер 17 өңірде жүргізілген. 16500 медициналық қызметкерге 3,2 млрд теңге бөлінген.

Сонымен қатар вице-министр Қытайдан келген дәрігерлердің жұмысына да тоқтала кетті.

"9 сәуірде Қытайдан 10 адамнан тұратын дәрігерлер делегациясы келді. Олар интенсивті терапия, инфекциялық бақылау, пульмонология, эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау, нефрология мамандары. Бұл мамандардың коронавирус инфекциясымен күресте үлкен тәжірибесі бар. Олар 5 күн бойы Нұ-Сұлтан қаласында болды. Қазір олар Қарағанды қаласында. Жақында Алматыға барады. Қытайлық әріптестеріміз Нұр-Сұлтан қаласында онлайн форматта тренингтер өткізді. Бұл семинарлар мен тренингтерде 5 мыңнан астам қазақстандық дәрігерлер қатысты", – деді Ақтаева.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу