16 қазандағы саудада доллар төмендеді

305

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,34 теңгеге төмендеп, 476,64 теңге болды.

16 қазандағы саудада доллар төмендеді Фото: Inbusiness.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 65,12 теңгеге (-0,14) дейін төмендеді.

Еуро бағамын Ұлттық банк 502,21 теңге, рубльді 4,91 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 477,1-479,3 теңгеге, еуро 502,5-505,5 теңгеге, ресей рублі 4,79-4,95 теңгеге сатылуда.
Ал 16 қазандағы саудада мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында желтоқсандағы Brent фьючерстерінің құны 0,68%-ға төмендеп, барреліне $90,27 құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 0,57%-ға төмендеп, барреліне 85,86 долларды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу