16 наурызда саяси партиялардың сайлауалды дебаты өтеді

628

19 наурызда өтетін Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауы алдында саяси партиялардың пікірсайысы күні белгіленді.  

16 наурызда саяси партиялардың сайлауалды дебаты өтеді Фото: pexels.com

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәлім болды, деп жазады inbusiness.kz.

"ҚР Сайлау туралы заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы сайлауға қатысатын саяси партиялардың дебатын ұйымдастырады. Осы орайда Орталық сайлау комиссиясы өз құзыретіне сәйкес пікірсайысты өткізу ережелері мен қағидатын бекітті. Қабылданған шешім бойынша саяси партиялардың пікірсайысын өткізу 2023 жылғы 16 наурызға белгіленді", – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова.

Телевизиялық пікірсайыс "Хабар" телеарнасының эфирінен көрсетіледі.

"Теледебат өткізу бойынша қаулы бір ауыздан қабылданды. Осы қаулы Мәжіліс сайлауына қатысатын сайлауалды штабтарының назарына жеткізілсін. Орталық сайлау аппараты "Хабар" агенттігімен сайлауалды пікірсайыс өткізу туралы шарт жасассын", - деп мәлімдеді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс сайлауына 12 млн-нан астам дауыс берушінің тіркелгенін және ОСК отырысында дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгеретіні айтылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу