16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желідегі аккаунттары өшірілуі мүмкін

534

Тиісті норма заң қабылданған жағдайда жүзеге асады.

16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желідегі аккаунттары өшірілуі мүмкін Фото: freepik

Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тосқауыл қою мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

БАҚ өкілдері заң қабылданып, 16 жасқа толмаған балалар әлеуметтік желіге тіркелген жағдайда жауапкершілік кімге жүктелетінін сұрады.

"Заң нормасында ұсынылып отырған нақты жауапкершілік айыппұл салу немесе басқа да жауапкершілік көзделмеген. Бұл өз алдына күрделі сұрақ болғандықтан, белгілі бір уақыт береміз. Заң қабылданғаннан кейін қасақана тіркеліп қойған болса, негізгі мәселе оларды бұғаттауда. Онлайн платформа оның 16 жасқа толмаған жас бала екенін анықтайды да, өзі өшіріп тастайды",  – деді министр.

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстанда адамның фото-видеосын келісімінсіз пайдалануға тыйым салынатынын жазғанбыз. 5 мыңнан астам жазылушысы бар анонимді аккаунттарға тықыр таянды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу