16 желтоқсанда Астанада қоғамдық көлік тегін болады

1332

16 желтоқсанда Астанада қоғамдық көлік тегін болады

ҚР Тәуелсіздігі күні – 16 желтоқсанда қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады. Бұл шара "25 жұлдызды күн" акциясы аясында ұйымдастырылады, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Жалпы, желтоқсан айында 70-тен аса мәдени-бұқаралық шара өткізілмек. Соның ішінде, түрлі акциялар, көрмелер мен конкурстар бар. Бүгінде I love Astana, I love KZ флешмобтары, әнұранды жатқа айту, жалпы республикалық достық сабағы және т.б. өткізілді. Ал 18 желтоқсанда елдің басты шыршасы жағылады. 15 желтоқсанда садақ атудан Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Астана қаласының чемпионаты өтеді. Сондай-ақ, жаңа жыл қарсаңында астаналықтар шаңғы жарысында бақ сынасады.

Мұнымен қоса, бір айдың ішінде үздік құрылысшылар, кәсіпкерлер, педагогтар, ООО және ЖОО студенттері айрықша грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталады. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу