163 стандарттық үлгі мемлекетаралық тізілімге қосылды

527

Мәжіліс депутаттары "Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

163 стандарттық үлгі мемлекетаралық тізілімге қосылды

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың сөзінше, келісім елімізде әзірленген стандарттық үлгілерді келісімге қатысушы елдерде қосымша сынақ рәсімін жүргізусіз тануға мүмкіндік береді. 

"Қазақстан Республикасында стандарттық үлгі өндіріліп, сынақтан және үлгінің типін бекітуден өтсе, келісімге қатысушы басқа елдер қосымша сынақсыз техникалық құжаттаманың сараптама нәтижесін мойындайды", – деді министр. 

Оның түсіндіруінше, заң жобасы метрология саласындағы өлшеу нәтижелеріне деген сенімді арттырып, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 

"Мемлекетаралық стандарттық үлгілер экономиканың түрлі салаларында сұранысқа ие және кеңінен қолданылады. "Ұлттық тізілімде 634 стандарттық үлгі тіркелген. Оның ішінде 337-сі мемлекетаралық стандарттық үлгілер тізіліміне енгізілген. Биыл Стандарттау және метрология институты 163 стандарттық үлгіні әзірлеп, мемлекетаралық стандарттық үлгі тізіліміне қосты", – деді Бақыт Сұлтанов. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу