Зергерлік бұйымдарды ұрлағаны үшін іздеуде жүрген қазақстандық Ыстанбұлда ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен Ыстанбұлда ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігі (ұрлық) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы әйел ұсталды. 2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың маусымына дейін Астанадағы зергерлік дүкендердің бірінде сатушы болып жұмыс істей жүріп, ол жалпы құны 156 млн теңгеден асатын бұйымдарды ұрлап кеткен", – делінген хабарламада.
27 қарашада түрік құқық қорғау органдарының көмегімен күдікті Қазақстанға депортацияланып, қамауға алынды.