– 16°С-қа дейін аяз: Алдағы 3 күнде ел аумағында қар жауып, көктайғақ болады

352

"Қазгидромет" РМК алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп болжады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– 16°С-қа дейін аяз: Алдағы 3 күнде ел аумағында қар жауып, көктайғақ болады Фото: inbusiness.kz

"Бірқатар өңірде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ құбылыстары болжанады. Жекелеген күндері елдің батысында, солтүстігінде, орталығында, ал 13 қарашадан бастап оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, елдің шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі", – деп жазылған синоптиктердің хабарламасында. 

Ауа температурасы:

Батыста:түнде 2-9 градус жылыға дейін жоғарылайды, күндіз 8-17 градус жылы болады.

Солтүстікте: түнде 2-10 градус аязға дейін төмендейді, күндіз негізінен 2 градус аяз бен 5 градус жылы аралығында болады.

Орталықта және шығыста:түнде 5-15 градус аязға дейін төмендейді, күндіз негізінен 3 градус аяз бен 5 градус жылы аралығында болады.

Оңтүстікте: түнде 1-8 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 5-12 градус жылыға дейін жоғарылайды.

Оңтүстік-шығыста: түнде 3-8 градус, таулы аудандарда 11-16 градус аяз болады. Күндіз 2-10 градус жылыға дейін жоғарылайды, таулы аудандарда 1-6 градус аяз болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу