banner

17 министрліктің 10-ы ғана "Ашық үкімет" бастамасына сай жұмыс істейді

970

Деректер базасының 84%-ы ғана өзекті.

17 министрліктің 10-ы ғана "Ашық үкімет" бастамасына сай жұмыс істейді Фото: Серікжан Қобыланбаев

"Ашық үкімет" басытамасының ішінде "Ашық деректер" түсінігі бар. Бүгінде осы data.egov.kz порталында 4 мыңнан астам мәлімет бар, деп хабарлады inbusiness.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Олар қауіпсіздік, бизнес, миграция мен иммиграция, мемлекеттік қызметтер, мемлекеттік тапсырыс, азаматтық және өзге де санаттарға бөлінген. Қазақстандықтар порталдан мемлекеттік органдар салған деректерді жүктеп, пайдалана алады. 

Алайда 17 министрліктің тек 10-ы ғана деректерді 100% ашық жүктеген. Тағы 5 министрлік тиісті деректердің 91,7%–98,3%-ын ұсынған. Бұл ретте сауда және интеграция министрлігі бекітілген дәректердің тек 88,9%-ын ғана жариялап отыр. Ал Энергетика министрлігі тиісті құжаттардың тек жартысын ғана ұсынған.  
Аталған деректер базасының 84%-ы ғана өзекті. Жалпы алғанда өзектілігін жоғалтпаған деректер бойынша 17 ведомствоның 7-і ғана талапқа сай құжаттарды 100% ұсынып отыр. Алайда Энергетика министрлігіне қатысты мәліметтер жоқ. Деректердің өзектілігі бойынша ең төмен нәтиже Денсаулық сақтау министрлігінде (39,1%) Ауыл шаруашылығы министрлігінде  (75%)  және Ұлттық экономика министрлігінде (75,6%) тіркелген. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу