17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

914

Еліміздің тек батысы мен солтүстік-батысында ғана жауын-шашын күтіледі.  

17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың батыс, солтүстік-батысының кей жерлерінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ кей жерлерде тұман, көктайғақ, сақталады, солтүстік-батыста желдің күшеюі күтіледі.

Қазгидрометтің хабарлауынша,  Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу