170 инвестициялық жобаның 64-і іске асырылды – министр

271

Биыл елімізде 12,3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құра отырып, бір трлн теңгеге 170 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

170 инвестициялық жобаның 64-і іске асырылды – министр Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Оның сөзінше, жобалардың басым бөлігі құрылыс индустриясында – 137,1 млрд теңге сомасына 44 жоба. Тамақ өнеркәсібінде – 241,2 млрд теңге сомасына 42 жоба, машина жасауда 223 млрд теңге сомасына 32 жоба іске асырылады.

"170 жобаның 64-і іске асырылды. Инвестиция көлемі – 233,4 млрд теңгеден астам. Шамамен 3,7 мың тұрақты жұмыс орны құрылды", - деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, Қарағанды облысында өнімділігі жылына 1 млн-нан астам тұрмыстық техника өндірісін іске қосу жоспарланып отыр. 

"Зауытта ARTEL брендімен теледидарлар, су жылытқыштары, шаңсорғыштар, шағын пештер, кір жуғыш машиналар жасалады, 530 жаңа жұмыс орны құрылады. Сондай-ақ, 261 жаңа жұмыс орнын құра отырып, арнайы кокс шығаратын заманауи зауыт іске қосылады. Қуаттылығы жылына 400 мың тонна арнайы кокс өндірісін құрайды. Өнім кейіннен экспортқа шыға отырып, ERG кәсіпорындарының ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Қостанай облысында "СарыарқаАвтоПром" компаниясы Chevrolet Оnix автомобильдерін шағын тораптық әдіспен өндіруді жоспарлап отыр", - деді Қанат Шарлапаев.

Жылына 30 мың бірлік шығару жоспарланып отыр. Бұл ішкі сұранысты қамтамасыз етуге және 400 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, деп толықтырды ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу