177 вагон шөп еліміздің батысына жеткізілді

811

Жүк жөнелтушілер өтінімдері бойынша тамыз айына тасымалдауға тағы 164 вагонды тиеу жоспарланған.  

177 вагон шөп еліміздің батысына жеткізілді

ҚТЖ 2021 жылғы шілдеде және тамыздың 9-ы күні  Маңғыстау облысына престелген шөбі бар 177 вагон жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz  "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пішен Атбасар, Арқалық, Қарағанды, Шелек, Тараз, Шу, Сарыағаш, Арыс, Орал, Шымкент және т.б. станциялардан жөнелтіледі. Жеткізілетін  станциялар – Маңғыстау, Өзен, Шетпе, Бейнеу, Сексеуіл және басқалары. Негізінен шөп "ҚТЖ" ҰК" АҚ еншілес кәсіпорны – "Қазтеміртранс" АҚ меншігіндегі вагондарға тиеледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу