Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Мекке қаласының өңірлік филиалы 2026 жылғы қажылық маусымына байланысты шектеулер мен талаптарды жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қабылданған шаралар қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құлшылық рәсімдерін реттелген әрі қауіпсіз жағдайда өткізу мақсатында енгізілген.
Негізгі талаптарға сәйкес:
- 2026 жылғы 18 сәуір мен 31 мамыр аралығында Nusuk платформасы арқылы умра рұқсаттарын беру уақытша тоқтатылады;
- 2026 жылғы 18 сәуірден бастап Мекке қаласына қажылық визасынан өзге визалармен кіруге және онда болуға тыйым салынады.
Талаптарды бұзу Сауд Арабиясы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкелетіні ескертілді. Құзырлы органдар азаматтарды белгіленген тәртіпті қатаң сақтауға және қажылық маусымын қауіпсіз өткізуге шақырды.
Айта кетейік, биыл қажылық 18-30 мамыр аралығында өтеді. Негізгі діни ғұрып 5 күнге созылады. Бірақ азаматтар осы елге ертерек келіп алады.