"18 жасар қызды зорлаған": Түркістанда 3 полицейге айып тағылды

501

Қылмыстық іс қозғалды.

"18 жасар қызды зорлаған": Түркістанда 3 полицейге айып тағылды Фото: canva

Түркістан облысында құқық қорғау органдарының 3 қызметкеріне қатысты ауыр айып тағылып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

18 жастағы тұрғын полиция қызметкерлерінің үстінен зорлау дерегі бойынша арыз түсірген.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев бұл ақпаратты растап, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу фактісі бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

Күдікке ілінген 3 полицей бірден қызметтерінен босатылған.

Қазіргі уақытта тергеу орындары болған оқиғаның мән-жайын жан-жақты зерделеп, объективті шешім шығару үшін тиісті іс-шараларды жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу