Ақтөбеде 18 жастағы жігіт жоғалды

505

Ақтөбе облысында мал іздеуге шыққан 18 жастағы жігіт іс-түссіз жоғалып кетті.  

Ақтөбеде 18 жастағы жігіт жоғалды

Оның астында мотоцикл көлігі болған. Түс мезгілінде жолға шыққан жігіт кеш қарая байланысқа шықпай қойған. Алаңдаған жақындары дереу аудандық төтенше жағдайлар бөліміне қоңырау соғады. Құтқарушылар, полицейлер және ауыл тұрғындары ауыл маңын түгел шолып шыққан. Іздестіру жұмыстары таңертең тағы жалғасады. Көлікпен, жаяу іздеген еш нәтиже бермеген соң,  аспанға дрон ұшырып көреді. Бір тәулік өткен соң Мәртөктен 10 шақырым жердегі Жаңатаң ауылының маңында орман алқабының арасында жатқан жігітті табады. Әбден арып-ашыған жігіт әлсіздіктен өздігінен жүре алмаған.

– Біздің аудандық ауруханаға әкелген соң, қан қысымын, дене қызуын өлшеп, барлық алғашқы көмек көрсетілді. Ас-суын бердік. Жағдайы тұрақты болған соң, ата-анасы келіп, үйіне алып кетті. Денсаулығына ешқандай қауіп жоқ, әрі қарай қажет болса амбулаториялық көмек көрсетіледі, – дейді Мәртөк аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрсейіт Кішкенбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу