19 қыркүйектен бастап пойыз билеттеріне жеңілдік басталды

159

19 қыркүйектен бастап пойыз билеттеріне күзгі жеңілдік ұсынылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

19 қыркүйектен бастап пойыз билеттеріне жеңілдік басталды Фото: ҚТЖ

Жолаушылар бірқатар бағыт бойынша белгілі бір вагондарға билетті 20%-дан 30%-ға дейін жеңілдікпен сатып ала алады.

Жеңілдіктер дүйсенбіден бейсенбіге дейін жөнелтілетін пойыздарға қолданылады:

1. №77/78 "Алматы – Маңғыстау" Вагон түрі: купе Жеңілдік: 20%

2. №9/10 "Астана – Алматы" Вагон түрі: отыратын орындары бар вагон Жеңілдік: 30%

3. №67/68 "Астана – Өскемен" Вагон түрі: отыратын орындары бар вагон Жеңілдік: 30%

4. №65/66 "Астана – Қызылорда" Вагон түрі: туристік (купе) Жеңілдік: 25%

5. №11/12 "Алматы – Шымкент" Вагон түрі: туристік (купе) Жеңілдік: 20%

6. №25/26 "Алматы – Шымкент" Вагон түрі: туристік (купе) Жеңілдік: 20%

"Жеңілдік мөлшері таңдалған пойыз бен вагон түріне байланысты. Арнайы ұсыныс 19 қыркүйектен бастап дүйсенбіден бейсенбіге дейін жөнелтілетін жоғарыда көрсетілген пойыздарға қолданылады", – делінген хабарламада. 

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайты арқылы және теміржол вокзалдарының билет кассаларында сатылады. Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы, сондай-ақ, "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның Instagram желісіндегі @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасынан алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу