19 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

649

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм арнасында 20 желтоқсандағы эпидемиологиялық жағдай туралы жарияланды. Өткен тәулікте COVID-19 369 адамнан анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

19 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

Елге індет келгелі бұл ауруды жұқтырғандар саны 983 663-ке жетті. Олардың 953 971-і жазылған.

Емделіп жатқандардың жағдайына тоқталсақ, 271 адамның жағдайы ауыр, 74 пациенттің жағдайы өте ауыр, 53 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Жалпы 19 302 адам коронавирус инфекциясынан (16 756 КВИ+ және 2 546 КВИ-) емделуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу