2,2 млн-нан астам қарияның зейнетақысы 7%-ға өсті

2498

Базалық жәрдемақы 5%-ға жоғарылады. 

2,2 млн-нан астам қарияның зейнетақысы 7%-ға өсті

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы. 

"2020 жылы халыққа қосымша қолдау көрсету үшін зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылар екі рет индекстелді. Бұл өсім 4 млн-нан аса адамды қамтыды. 2021 жылдың басынан бері 2,2 млн-нан аса зейнеткердің ынтымақты зейнетақысы 7%-ға көтерілді, базалық зейнетақы мен жәрдемақының өсімі 5%-ды құрады", - деді ведомство басшысы.

Серік Шәпкеновтың айтуынша 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мүмкіндігі шектеулі жандарға, асыраушысынан айырыландарға және жұмысынан айырылған  131,7 мыңнан астам адам берілетін төлем орта есеппен 50%-ға өскен. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу