2,3 млн-нан астам қазақстандыққа 42500 теңге берілді – министрлік

610

12 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша.

2,3 млн-нан астам қазақстандыққа 42500 теңге берілді – министрлік

Шілдедегі шектеу шараларына байланысты табысынан айырылған азаматтардан МӘСҚ-дан біржолғы төлем тағайындауға 2 млн 531 мың өтініш түскен, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, осы уақытқа дейін 42500 теңге 2 млн 308,3 мың қазақстандыққа беріліпті. Оның ішінде 2 млн 290,8 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алған.

Айта кетсек, 239,1 мың өтініш жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілерден түсіпті.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу