2,4 млн адам тұратын 1 260-қа жуық ауылға интернет тартылып жатыр

912

3 700 мемлекеттік орган мен бюджеттік мекемеге байланыс жеткізілді. 

2,4 млн адам тұратын 1 260-қа жуық ауылға интернет тартылып жатыр

6 459 елдімекеннің ішінде 118 қала мен 4 558 ауыл әртүрлі технологиялар бойынша интернетпен қамтылған. Жыл соңына дейін 5 331 елді мекенге интернет жеткізіледі. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин осылай деді. 

"Телеком операторларымен бірлесіп, интернет желісін дамыту үшін 2  ауқымды жобаны іске асырып жатырмыз. Бірінші жоба – бұл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде оптикалық интернетті шалғайдағы ауылдарға тарту", – деді ол сенатта өткен үкімет сағатында.

Министрдің мәлімдеуінше, 2,4 млн адам тұратын 1 260-қа жуық ауылға интернет желісі тартылып жатыр. Жобаға 75 млрд теңгеге жуық инвестиция құйылды. Жоба аясында 3 700 мемлекеттік орган мен бюджеттік мекемеге байланыс жеткізілді. 

"Екінші жоба 250 адамнан көп тұрғыны бар 928 ауылды 3G және 4G, сондай-ақ басқа технология бойынша мобильді интернетпен қамтуды көздейді", – деді Бағдат Мусин.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу